сериал «Өмір сынағы»

    Қоюшы-режиисері: Қанағат Мұстафин

    Бас продюсер: Данияр Жәнібеков, Виржиниа Восгиморукиан

    Атқарушы продюсері: Мәдина Дүйсембаева

    Рөлдерде: Әсел Қалиева, Данияр Базарқұлов, Алмас Шаяхметов және т.б.

    Синопсис авторы - Тулеген Байтукенов

    «Өмір сынағы» - тағдыр жазуымен мүгедектер арбасына таңылған Дананың хикаясы. Сериал сюжетіне қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тіршілігі, олардың психологиялық күйзеліспен күресіп, қиыншылықтардан өтіп, жеңіске жету жолындағы еңбегі арқау болған.

    «Менің кейіпкерім адам қолынан жасалған қастандықтың салдарынан Алланың адамға берген сыйының жартысынан айрылған адам. Соған қарамастан, ол өмір сүруге құштар, болашағы үшін күреседі. Өз аяғымен жер басып жүре алмай қалғанына қарамастан, оның жаны әйел болып қала береді», - деп ойымен бөлісті «Өмір сынағы» жобасында басты рөлді сомдаған актриса Әсел Қалиева.